Аймақтарда 34 жоғары технологиялық өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылады

    Президенттің “Аймақтарда өнеркәсіпті жедел дамыту және өнеркәсіп кәсіпорындарын экспортқа жұмылдырудың қосымша іс-шаралары туралы” қаулысы (№ПҚ-295, 2025 жылғы 4 октябрь) қабылданды.

    Бұл туралы “Құқықтық ақпарат” Telegram-арнасы хабарлады.

    Қаулыға сәйкес, 2025–2026 жылдары аймақтарда өнеркәсіпті дамыту бойынша негізгі мақсатты көрсеткіштер төмендегідей болып белгіленді:

    республика өнеркәсібінде аймақтық өнеркәсіптің үлесін 45 пайызға жеткізу;

    аймақтарда 34 жоғары технологиялық өнеркәсіп жобасын жүзеге асыру арқылы технологиялық өнімдер үлесін 25 пайызға дейін арттыру және 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу;

    әрбір аудан мен қалада 5-ке дейін өнеркәсіптік “өсу нүктесін” дамыту.

    Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 январьдан бастап 2028 жылғы 1 январьға дейін:

    орташа айлық жалақысы ең төменгі еңбекақының екі еселенген мөлшерінен кем болмайтын жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларын тасымалдау және тамақтандырумен байланысты шығындарының әрбір қызметкерге айына бір базалық есептік көрсеткішке дейінгі бөлігі әлеуметтік салық салу базасынан шығарылады;

    өз қажеті үшін гипс шикізатын өндіретін және одан дайын құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарға гипсті жер қойнауынан алу үшін белгіленген салық мөлшерлемесі 50 пайыз деңгейінде қолданылады.

    No date selected
    November 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates