Құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың профилактикалық жағдайы қаралды

    Қауіпсіздік 5 Avgust 2022 1880

    Сенаттың жиырма тоғызыншы жалпы мәжілісінде ішкі істер министрінің 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың профилактикалық жағдайы туралы ақпараты тыңдалды.

    Атап өтілгендей, Сенаттың 2022 жылғы 19 мартындағы тиісті қаулысына сәйкес қабылданған шаралардың нәтижесінде өз қызметі барысында қылмыстарды болдырмау бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған басшылар мен қызметкерлерге тәртіптік жаза шарасы қолданылды.

    Ағымдағы жылы жасалған жалпы қылмыстың 93,9 пайызы ашылғаны атап өтілді. Іздеудегі 2841 адам ұсталып, із-түзсіз жоғалған 203 адам табылған.

    2021 жылдың ішінде ашылмаған 1079 қылмыс және өткен жылдардағы ашылмаған 151 қылмыс ашылды.

    Махаллаларда қылмыстың алдын алуда айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

    Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында барлық махалланың 53 пайызында қылмыс жасалмаған, 14 пайызында қылмыстың төмендеуіне қол жеткізілген.

    Қылмыс көбейген 33 пайыз махалла «қызыл» санатқа енгізіліп, біріккен патрульдік саптары құрылды.

    Қол жеткен нәтижелермен қатар ішкі істер органдарының қызметінде белгілі бір кемшіліктер, шешімін күткен өзекті мәселелер, толық пайдаланылмаған мүмкіндіктер бар екені айтылды.

    Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 6 айында тіркелген жалпы қылмыстардың салмағы Ташкент қаласында, Ферғанада, Ташкент және Сырдария облыстарында жоғары деңгейде екеніне назар аударылды.

    Профилактикалық инспекторлар тарапынан махалла аумақтарында жасалған қылмыстарды жою мақсатында атқарылған жұмыстар баяу жүргізілуде. Сондықтан алдын алуға болатын кейбір қылмыс түрлерінің көбеюіне жағдай жасалған.

    Денсаулық сақтау мекемелеріндегі есепте тұрған адамдардың 93 пайызы, нашақорлардың 96 пайызы мәжбүрлеп емдеуге жіберілмеген, спиртті ішімдік ішетіндердің 4,1 пайызы, диспансердегі агрессивті психикалық науқастардың 52 пайызы мәжбүрлі емдеуге жіберілген.

    Кейбір өңірлерде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны жоғары болып қалуда.

    Республика аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бүгінгі күн талабы деңгейінде ұйымдастырылмаған.

    Атап айтқанда, ағымдағы жылдың соңғы 6 айында балаларға байланысты 595 жол-көлік оқиғасы орын алып, 529 бала жарақат алған, 97-сі қаза тапқан.

    Осы мәселе бойынша Сенаттың тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates