Оған Әділет министрлігі, Халыққа білім беру министрлігінің жауапты қызметкерлері, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессорлар-оқытушылары мен құқықтану оқулықтарының авторлары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында құқық оқулықтары мен оқу қолданбаларын заман талабына сай жетілдіру, олардың жаңа буынын қалыптастыру, оқу бағдарламаларын озық шетелдік тәжірибе негізінде одан әрі жетілдіру қажет екені айтылды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалпы орта білім беру мекемелерінде оқытылатын құқық пәні және курстарға оқушылардың жасы, психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдай мен проблемаларды қарапайым, жеңіл, жатық тілмен қамтылуы керектігі айтылды.
Ақпарат үшін: Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 13 апрельдегі ПҚ-3666-санды қаулысымен бекітілген Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеге сәйкес, құқық саласындағы білім істерінің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі ұйымдастырылып, құқықтық тәрбие мен білімінің заманалық формасын енгізу бойынша ұсыныстар жасау министрліктің негізгі міндеті болып табылады.