ІІ Халықаралық Бахшылық өнері фестивалінің жеңімпаздары кімдер?

    Мәдениет 22 Sentabr 2021 1476

    Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласында ІІ Халықаралық Бахшылық өнер фестивалі өтті. Орталық Азия мәдениеті цивилизациясында маңызды орын иелеген осы өнер мерекесіне әлемнің түрлі мемлекеттерінен келген 260-тан астам халық шығармашылық өкілдері, өнер әрі мәдениет қайраткерлері қатысты.

    ІІ Халықаралық Бахшылық өнері фестивалі, аясында байқау өткізіліп, жеңімпаздар төмендегі аталымдар бойынша анықталды:

    “Ұлттық өнерді насихаттағаны үшін” аталымының жүлдегері — Тимко Чичаковский (Македония);

    “Бахшылық өнері фестивалінің жасы үлкен қатысушысы” аталымы жеңімпазы — Дражик Бугарин (Сербия);

    “Халықтардың ежелгі мұрасын насихаттаушысы” аталымының жеңімпазы — Нусрат Ансарий (Үндістан);

    “Ата-бабалардың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін жырлағаны үшін” аталымының жүлдегері — Толгахан Тикташ (Түркия);

    “Бахшылық өнері арқылы достық байланыстарды жырлағаны үшін” аталымының жүлдегері — Талғат Орынбеков ( Өзбекстан);

    “Қазылар алқасының көңілінен шыққан қатысушы” аталымының жеңімпазы — Муқимжон Камолов (Тәжікстан) ;

    “ Дәстүрлерге адал бақшы” аталымы — Қаххор Рахимов (Өзбекстан); “Көрермендердің назарына ие болған ең жақсы қатысушы” аталымының жеңімпазы — Келема (Мадагаскар);

    “Құндылықтарды жалғастырушы” аталымының жеңімпазы — Равшан Маматмуродов (Өзбекстан);

    “Бахшылық өнерінің жанкүйері ” аталымының жеңімпазы — Бахром Рахимов (Өзбекстан) ;

    “Бахшылық өнері фестивалінің ең жақсы насихаттаушысы” аталымының жеңімпазы — “Өзбекстан-24” телеарнасының редакторы Зебо Тухтаева, Оператор Ахмад Байзуллаев;

    “Бахшылық өнері фестивалінің ең жақсы насихаттаушысы” аталымы жеңімпазы — “Өзбекстан-24” телеарнасы редакторы Карина Низамудинова, оператор Аббос Абдусаттаров.

    Сондай-ақ, Бахшылық байқауында жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар марапатталды.

    Айту орынды, ІІ Халықаралық Бахшылық өнері фестивалі аясында өткізілген байқаудың жеңімпаздары:

    3- орын — 1, 250 доллар, 2-орын — 1,750 доллар, 1-орын — 5000 доллар, Гран-при иесі болса 7000 доллар көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталды.

    Бірнеше күн жалғасқын Халықаралық Бахшылық байқауы ежелгі өнер түрі саналған осы халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мәдениетін жетілдіруге назар аудару, Бахшылық мектебін ашу арқылы осы өнер түріне қызығатын дарынды жастарды тәрбиелеуге бағытталған, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates