Атқарушы билік органдарының қызметкерлері қысқартылуда

    Ел назарында 26 Yanvar 2023 2328

    Өзбекстан Республикасының Президенті 2023 жылғы 23 январьда «Республиканың атқарушы билік органдары қызметін тиімді жолға қоюға қатысты бірінші кезектегі ұйымдастырушы іс-шаралар туралы» ПФ-14-санды Жарлыққа қол қойды.

    Құжатпен республиканың атқарушы билік органдары – министрліктердің, комитеттердің, кеңселердің және инспекциялардың (кейінгі орындарда — министрлік пен кеңселер) және оларға тиісті аумақтық және аудандық (қалалық) бөлімдерінің Мемлекеттік бюджеті, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаржылары есебінен қаржыландырылған жалпы басқару қызметкерлерінің жалпы шектелген саны бекітілді – 56573 штат бірлігі.

    Анықтама үшін: министрліктер мен кеңселер жүйесінде жалпы 17 447 штат бірліктері қысқартылуда.

    Енді министрліктер мен кеңселердің бюджеттен тыс қорларының қаржылары есебінен қосымша басқару штат бірліктерін енгізуге тыйым салынады.

    Сонымен қатар, Республиканың атқарушы билік органдарының – министрліктердің, комитеттердің, агенттіктердің және инспекциялардың бірыңғай тізімі бекітілуде.

    Ақпарат үшін: бірыңғай тізім 69 бірліктен тұрады, содан:

    министрліктер – 21;

    комитеттер – 12, соның ішінде ерекше мәртебесі бар тәуелсіз комитеттер – 2;

    агенттіктер – 25, соның ішінде ерекше мәртебесі бар тәуелсіз комитеттер – 3;

    инспекциялар – 11

    Сондай-ақ заңды мәртебесі бар қорлардың атқарушы билік органдарының (дирекциялары, басқару комитеттері мен департаменттері және т.б.) қызметін тоқтатып, олардың функцияларын тиісті министрліктер мен кеңселерге беру көзделуде, деп хабарлайды «Norma».

    Құжат Заңдылық мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2023 жылғы 25 январьда күшіне енді.