Оны Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев пен Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Леонид Заяц төрағалық етті. Шараға екі елдің негізгі министрліктері мен кеңселерінің басшылары да қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде инвестициялық, сауда-экономикалық, өндірістік, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Екі мемлекет басшыларының іс-әрекеттерінің арқасында Өзбекстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастар жоғары және тұрақты даму динамикасымен сипатталып, бұл өз кезегінде басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдету үшін қажетті жағдай туғызып отырғаны атап өтілді.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында қол жеткізілген жетістіктер атап өтілді. 2021 жылы Өзбекстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 40 пайыздан астам өсіп, 337,3 миллион долларды құрады. Жауапты министрліктер мен кеңселер өкілдерінің қатысуымен өзара сауданы дамыту бойынша жұмыс тобын құру, сондай-ақ сертификаттаудың электронды жүйесін енгізу туралы Келісімді жасау және қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Инвестициялық саладағы ынтымақтастық пен  өндірістік кооперацияны дамытудың оң үрдістері талқыланды. Соңғы үш жылда Өзбекстандағы Беларусь капиталының қатысуымен кәсіпорындар саны төрт есеге өсіп, 157-ге жетті. Биылғы жылдың жеті айында ғана 58 кәсіпорын құрылды. Өз кезегінде Белоруссияда өзбек капиталының қатысуымен 101 кәсіпорын жұмыс істейді.

Машинажасау, тоқымашылық, азық-түлік және фармацевтика өнеркәсіптері, электроника және құрылыс материалдары өндірісі салаларында құны жоғары өнімдер өндіру және кейіншелік оларды екі елдің логистикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, үшінші елдерге экспорттау бойынша ынтымақтастықта жаңа біріккен жобаларды жүзеге асыру үлкен болашағы тілге тиек етілді.

Өнеркәсіптік кооперация саласында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен біріккен бастамаларды жасау мақсатында ағымдағы жылдың сентябрь айында Ташкент қаласында Өзбекстан-Белоруссия бизнес Кеңесінің екінші жиналысын өткізу келісілді.

IT және инновациялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды. Белоруссияда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша Белоруссия-Өзбекстан комиссиясының 2-жиналысының қатысушылары тікелей қатысуында өткізу, сондай-ақ бекітілген біріккен Әылыми-техникалық және иновацяилыі ынтымақтастық бағдарламасын  IT, цифрландыру және жоғары технологиялар саласындағы жаңа бастамалармен және жобалармен байыту туралы келісімге келді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, атап айтқанда, білім беру және туризмді дамыту саласындағы қарым-қатынасқа ерекше назар аударылды. Беларусь азаматтары үшін «Отбасылық туризм», «Шуақты демалыс», «Дәрумендік тур», «Оқу және саяхат» сияқты арнайы туристік қызметтерді ұйымдастыруға ниет білдірілді. Беларусь әріптестері ағымдағы жылдың ноябрь айында өтетін Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесіне және 2023 жылы Самарқант қаласында өткізілуі жоспарланған БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас ассамблеясының 25- сессиясына қатысуға шақырылды. 2023-2026 жылдары Өзбекстан мен Белоруссияның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы «Жол картасын» әзірлеу және бекіту, сондай-ақ Өзбекстанда  “Беларусь киносы күндері” және Беларуссияда “Өзбек киносы күндері” өткізілуге келісті.

Жиналыс барысында қол жеткізілген негізгі келісімдерді көрсететін қорытынды хаттама,  екі ел Үкімет басшыларының өзара сапарлары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша «Жол картасына» қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.