Осы орайда, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 26 августта қабылданған «Азаматтық қоғам институттарын мемлекет тарапынан қолдап-қуаттау жүйесін одан әрі жетілдіру іс-шаралары туралы» Жарлығының маңызы зор.
Бұл туралы алғаш рет 27 февраль күні өткен Адам құқықтары жөніндегі Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы жанындағы қайта құрылған қоғамдық кеңестің құрылтай жиналысында айтылды.
Құрылтай жиналысында Қоғамдық кеңесінің негізгі қызметінің бағыттары, мақсаты пен міндеттері, сондай-ақ алдағы жоспарлар талқыланды. Қоғамдық кеңестің қызметтерінің бағыттары:
- Орталықтың адам құқықтары саласындағы Өзбекстанның халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыру, адам құқықтары саласындағы білім беру және халықтың хабардарлығын арттыру салаларында жұртшылық бақылауы субъектілерімен ынтымақтастығын кеңейту;
- беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және азаматтық қоғамның басқа да институттарымен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
- адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелердің орындалу жағдайы туралы Орталық дайындаған жыл сайынғы есептерді қарау;
- адам құқықтары саласындағы стратегиялар, сондай-ақ Орталық қызметінің әсерін бағалау;
- азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, адам құқықтары саласындағы ұлттық стратегиялардың, ұлттық әрекет жоспарларының және басқа да шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- адам құқықтарын қорғау, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуда іс-шараларды жетілдіру бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру;
- Орталықтың қызметі туралы жұртшылық пікірін бақылау және талдау;
- Орталық қызметінің ашықтығын мониторинг жасау;
– Орталықтың қызметіне қатысты мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатының игерілуін қадағалау сияқты бағыттар белгіленді.
Қоғамдық кеңес жналысында Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық стратегиясының 2020-2024 жылдардағы орындалуы туралы баға берді. Сондай-ақ, Орталық тарапынан «Өзбекстан – 2030» стратегиясын «Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономика» жылында жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаға орай, әзірленіп жатқан Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының 2030 жылға дейін Ұлттық стратегиясының жобасы талқыланды.
Жиналыста Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, Кеңестің Жарғысы мен құрамы бекітілді.
Қоғамдық кеңестің құрамына елімізде адам құқықтарын қорғауға, атап айтқанда балаларды, әйелдердің, мүгедектердің және халықтың басқа да топтарының құқықтарын қорғауға үлес қосып жүрген қоғам өкілдері, сонымен қатар беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, білім және ғылым саласының өкілдері кіреді.
Қоғаммен жұмыс істеу саласында көп жылдық тәжірибеге ие болған Өзбекстан Республикасының Нотариал палатасының төрағасы Дилшод Ашуров Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы етіп сайланды.
Қоғамдық кеңестің хатшылығы лауазымына адам құқықтары саласындағы ғылыми зерттеулерге, білім мен тәрбиеге үлкен үлес қосқып жүрген тәжірибелі педагог, белгілі ғалым, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Гавхар Юлдашева сайланды.
Жиналыс соңында Кеңес мүшелері адам құқықтары саласындағы халықаралық келісімшарттың орындалуын мониторинг жасауда қоғамдық бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар дайындау, Орталықтың қызметіне мониторинг жүргізу, адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу туралы келісіп алды.
Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығының баспасөз қызметі.