2017 жылдан бері Өзбекстан экономикасына 83 млрд доллар инвестиция тартылды

    Билік 24 Iyun 2021 6416

    Бүгін 24 маусымда Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығында инвестициялар мен экспорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жыл соңына дейін атқарылуы тиіс дәйекті міндеттер туралы бейнеконференциялы жиын өтті.

    Жиында, 2017 жылдан бастап барлық дереккөзге сәйкес 716 триллион сум (83 миллиард доллар) немесе алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2 еседен астам қаражат игерілген. Оның 26,8 миллиарды шетелден келген инвестиция.

    Тікелей тартылған инвестиция көлемі - 10,6 миллиард доллар, мемлекет кепілдік берген жобалар үшін - 8,4 миллиард доллар, кепілсіз несиелер - 6,6 миллиард доллар, банктер мен кәсіпорындардың халықаралық облигациялары - 1,2 миллиард доллар қаржыны құраған. Игерілген инвестициялардың 65% -ы өндірістік және инфрақұрылымдық жобалар үлесіне тура келеді.

    Соның нәтижесінде, соңғы 4 жылда елдің ЖІӨ-дегі өнеркәсіптің үлесі 25% -дан 33% -ға дейін өсті, ал өнеркәсіптік өндіріс 1,3 есеге өсті. Атап айтқанда, автомобиль өнеркәсібінде өндіріс 3,4 есеге, электротехника - 2 есеге, фармацевтика мен құрылыс материалдары - 1,4 есеге, металлургия - 1,2 есеге өскен.

    Дайын тоқыма және тұрмыстық техниканың экспорты 5 есеге өсті.

    Осы кезең аясында құны 441 триллион сумды құрайтын 47 мыңнан астам ірі, орта және шағын жобалар іске қосылып, 680 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.

    Сонымен қатар, соңғы 4 жылда жергілікті өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және қызметтік жұмыстардағы жобаларды жүзеге асыру үшін 100 триллион сум (10 миллиард доллар) инвестиция бағытталған.

    «2017 жылдан бастап Өзбекстан экономикасына 83 миллиард доллар инвестиция құйылды. Бұл өте үлкен сан. Біз үлкен тәжірибе жинадық, бір доллар инвестицияға қаншама жұмыс орны ашылуда, қаншама бәсекеге қабілетті өнім шығуда, саланың өсуі қандай - біз бүгін талқылаймыз - деді Шавкат Мирзияев.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates