Жиналысқа  министрліктер, кеңселер, сала бірлестіктері, коммерциялық банк және Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласының жергілікті билік органдарының басшылары қатысты.

Ағымдағы жылдың 5 айы қорытындысы бойынша игерілген шетелдік инвестициялар көлемі өткен жылдың осы кезеңдегі көрсеткіштерден  42 пайызға артқаны белгілі болды. Сонымен қатар, өткізілген талдау кейбір салалар мен аумақтарда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты бірқатар проблемалардың бар екенін көрсетті. Іске асырылып жатқан жобаларды түгендеу, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу үшін мақсатты шаралар әзірлеу және жауапты орындаушыларды белгілеу бойынша тапсырмалар берілді.

Дәл осындай тәртіпте, сыртқы сауда көрсеткіштері де қайта қаралды. Ағымдағы жылдың 1 июнь жағдайына орай, республика экспортының көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға артты. Салалар мен аумақтар кесімінде экспорт жасаудың бүгінгі жағдайы талқыланып, жергілікті кәсіпкерлердің экспорттық қызметіне байланысты проблемаларды жауапты министрліктер мен кеңселер және жергілікті билік органдарының  жедел жауап беру үстінен бақылауды күшейту және экспорттың қызметінде және экспортқа жеткізіп беру көлемін арттыру бойынша іс-шараларды жасауды тиімді қолдап-қуаттауды көздеп, олармен жұмыс істеуді жеделдету міндеті қойылды.

 Жиналыс қорытындысы бойынша экспорттаушылар мен инвесторларды қолдап-қуаттауда артта қалушылық пен кемшіліктер үшін тәртіптік шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Бозатау ауданы мен Зарафшан қаласы әкімінің инвестициялар мен сыртқы сауда мәселелері бойынша орынбасарлары өз қызметтерінен босатылды.

Инвестициялық жобалардың бастамашыларын дер кезінде қолдап-қуаттаудың нәтижесінде  32 инвестициялық жоба мерзімінде іске қосылмағандығы және  395 жаңа жұмыс орны кешіктірілгені үшін, 19 әкімнің орынбасарына сөгіс жарияланды.

Сондай-ақ, Шоманай, Чортоқ және Кенимех аудандары әкімдерінің инвестициялар және сыртқы сауда мәселелері бойынша орынбасарларына  жұмыста жол берілген кемшіліктерді түзету үшін 3 ай сынақ мерзімі берілді.

Қойылған міндеттерді сапалы әрі уақытында орындау бойынша қосымша тапсырмалар берілді. Жауапты басшылар экспорттаушылар мен инвесторларды дер кезінде қолдап-қуаттау бойынша атқарылған жұмысының тиімділігіне жеке өзі жауапты екендігі туралы ескертілді, деп хабарлайды  Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.