Экономикалық ынтымақтастық ұйымы туралы не білесіз?

    ЭЫҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары әр екі жылда бір рет өткізілетін мүше мемлекеттер басшыларының саммиттерінде белгіленеді.

    Бүгінгі таңда Өзбекстан белсенді, прагматикалық және көпжақты сыртқы саясат жүргізуде. Еліміздің сыртқы саяси қызметінің маңызды бағыты бұл оның көршілес елдерімен, сондай-ақ көпжақты институттармен – ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ТДТ-мен ынтымақтастық болып табылады. Олардың ішінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше.

    Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – 1985 жылы Тегеранда (Иран) құрылған аймақтық үкіметаралық ұйым. Оның мақсаты – Оңтүстік Азия, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейту. ЭЫҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие.

    Анықтама үшін. Бүгінде ЭЫҰ-ға он мемлекет – Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан мүше болған.

    Өзбекстан ЭЫҰ-ға 1992 жылы 28 ноябрьде мүше болды. Өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, әлем базарында бәсекелестікті арттыру, шетелдік серіктестермен өндірістік кооперацияны тереңдету, аймақта көлік дәліздерін дамыту, оларды тиімді пайдалану және жаңаларын құру Өзбекстан мен шетелдік серістестер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

    Ақпарат үшін: 2022 жылдың соңына қарай Өзбекстан мен ЭЫҰ елдері арасындағы тауар айырбастау көлемі 12,3 миллиард долларды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

    Өзбекстан ЭЫҰ саммиттеріне тұрақты түрде қатысып келеді. Сонымен қатар мемлекет басшысы деңгейінде 7 рет (1993, 1996, 1997, 1998, 2000 және 2021 жылдарда), Жоғары Кеңес, Олий Мажлис және Олий Мажлис Сенаты Төрағасы деңгейінде – 7 рет, Премьер-министрдің орынбасары деңгейінде – 2 рет (1995 және 2017 ж.), Өзбекстан Түркиядағы елшісі деңгейінде ЭЫҰ мәжілістеріне 1 рет (2010 ж.) қатысқан.

    2021 жылдың 4 март күні Өзбекстан Республикасының Президенті Түркияның төрағалығымен бейнеконференция түрінде өткен ЭЫҰ-ның 14-ші саммитіне қатысып, сөз сөйледі.

    2021 жылдың 28 ноябрь күні Өзбекстан Республикасының Президенті ЭЫҰ 15-саммитіне қатысты. Саммит нәтижесінде ЭЫҰ-ға төрағалық бірінші рет Өзбекстанға берілді.

    2022 жылдың 17-26 январь күндері өткен ЭЫҰ Аймақтық жоспарлау кеңесінің жиналысында Өзбекстанның бастамасымен 2022 жылы «Өзара қарым-қатынастарды нығайту жылы» деп жарияланды.

    Қорытындылар

    Өзбекстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерімен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. 500 миллионнан астам халқы бар ЭЫҰ - бұл үлкен мүмкіндіктер алаңы саналады. Осыған байланысты біздің еліміз Ұйымның сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-коммуникациялық әлеуетін ашуға бағытталған бастамаларды алға тартуда. Мақсат – Өзбекстанның экономикалық өсімін қамтамасыз ету, елімізге шетел инвестицияларын белсенді тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету.