Жарлыққа сәйкес, 2026 жыл 1 январьдан бастап Ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігі (Агенттік) төмендегі жағдайларды анықтау мақсатында жылына кемінде 3 рет мемлекеттік ғарыш мониторингін жүргізетін болады:
геология саласында – жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сонымен қатар рұқсат беруде көрсетілген аумақтан тыс шығу;
жер қатынастары саласында – жер учаскелерін өз бетінше иелеп алу және оларда ғимараттар мен құрылыстар құру;
экология саласында – қолданыстағы қоқыстарды сақтау қоймаларын белгіленген аумақтан тыс жерге шығару, сондай-ақ заңсыз жаңа қоқыстар тастайтын аймақтардың пайда болуы.
2026 жылдың 1 мартынан бастап өкілетті органдар өздері анықтаған құқықбұзушылық жағдайлары бойынша мәліметтерді онлайн түрде тиісті контурлар кесімінде цифрлық түрде интеграциалау арқылы SGM платформасына ұсынады.
Мұнда мәліметтер ескерту жасалғаны, құқықбұзушылықтың жойылғаны, құжаттардың прокуратура мен сот органдарында қаралып жатқаны туралы белгілерін қамтиды.







