Аудан және қалалық сектор басшылары тарапынан «ауыр» маҳаллалар белгіленді.
Маҳаллаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін «дамыту нүктелері» анықталып, әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік бағытына «жетекші» кәсіпкер етіп біріктіріледі.
«Ауыр» маҳаллаларға біріктірілген «жетекші» кәсіпкерлерге 3 жыл мерзімге жылдық 10 пайыз ставкада махалла үшін 2 миллиард сум несие кооперациясы негізінде бөлінеді.
Әрбір «ауыр» маҳаллаға бөлінген 2 миллиард сум қаржының 10 пайызға дейінгі бөлігі олардың тиісті бейімделу бағыттарына бір үлгілі және өрнек көрсететін кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
«Жетекші» кәсіпкерлерге кооперация негізінде істеп жатқан азаматқа өндіріліп жатқан өнімдерді сатып алу немесе келісімшарт негізінде азаматқа еңбекақы төлеу шарты қойылады.
Несиелер сектор басшыларының «ауыр » маҳаллада кәсіпкерлікті және экономикалық кооперацияны дамыту бойынша «жол карталары » және бағдарламалар Жанұялық кәсіпкерлікті қолдап-қуаттау орталығында қорғалып, жақсы қорытынды алғаннан соң беріледі.
Қаулыға орай, сондай-ақ «Агробанк» акционерлік коммерциялық банк тарапынан шағын және жанұялық кәсіпкерлік субъектілерге жерді 10 сөтіктен 50 сөтікке дейінгі заманалық жылыжайлар құру үшін Орталық банктің негізгі ставкасында 7 жыл мерзімге несиелер беріледі , деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі..