Ховостық әйел тамарқасында сирек кездесетін павловния ағаштарын өсіруде

    Агросектор 27 Iyul 2022 3978

    Сырдария облысы, Ховос ауданының «Қарақұм» махалласында кәсіпкер әйел өз тамарқасында сирек кездесетін өсімдіктердің түрлерін өсіруде.

    Ховос ауданының әкімінің орынбасары — Жанұя және әйелдер бөлімінің бастығы Сабохат Бобоева махаллаларда « Менің табалдырығым гүл бағым» ұранымен өткізіліп жатқан абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен жақыннан танысу мақсатында аудандағы «Қарақұм» махалласында болды.

    Айта кетерлік жайт, кәсіпкер әйел Муқаддас Махматованың есік алды жерінде жасаған істері ауданда көшетшілік, бағдаршылықты дамытуға қосқан үлесі мақтауға тұрарлық.

    —Махалламызда бағдаршылық және көшет өсірумен шұғылданатын азаматтар мен әйелдердің басым бөлігін құрайды, — дейді «Қарақұм» махалласының әйелдер белсендісі Барно Хамдамова. – Әсіресе, Жаңа гузар көшесінде тұратын Муқаддас апаның тамарқасындағы баптау мен жауапкершілікті қажет ететін павловния көшеттерінің гүркіреп өскені адам назарын тартады. Бұл жердегі 1700 түп павловния ағашы көздің жауын алады.

    Дегенмен соңғы жылдары Өзбекстанда павловния өсіруге қызығушылық танытқандар саны артып келеді. Өйткені ол қалаларды көркейтуге, көгалдандыруға арналған сирек кездесетін ағаш болғандықтан, 3 жылда жетіліп, әдемі гүлдейді. Павловния өте жылдам өсуімен ерекшеленеді және бір жылда ұзындығы 5 метрге жетеді.

    —Есітуімше павловния ағашы әлем базарында қарағай ағашынан екі есе қымбат бағаланады, — дейді Муқаддас апа. – Бүгінгі күні менің бақшамда 1700 түп павловния, 300 егілген беже көшеттері, 70 авангардтық кишмиш жүзім сұрыптары, 15 анар, 15 түп шие, 20 түп алма жақсы өсіп келеді. Биыл құлпынай өсіруді қолға алайын деген ниетпен бақшаға көшет отырғыздым.

    Сәтін салса, келесі жылы құлпынай да жеміс береді, бала-шағамызбен жейміз, көршілерге үлестіреміз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығы дерлік есік алды жерден шығады. Таңертеңнен кешке дейін жұмыс бар, жемісін жинап алғанда бар шаршау басылады. Болашақта үлкен плантацияларда павловния өсіруді жоспарлап отырмын.

    Гүл мен көшет өсіруде ең қажетті болған өнім — гумис дайындаудың қыр-сырын меңгерген Муқаддас апаның 10 тонна гумисі сатуға дайын. Құрамында шуалшаң, көң және басқа да қажетті қоректік заттардан тұратын қарашірікті жергілікті базарда ғана емес, көршілес елдерде де сатып алушылар көп.

    Сырдаря облысы Жанұя және әйелдер басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates