Жанұялық қонақүйлер қызметін жолға қоймақ болған шағын кәсіпкерлік субъектілерге өтемақы беріледі

    Туризм 5 Avgust 2022 3227

    2022 жылғы 26 июльде Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті тарапынан «Туризм саласы субъектілері үшін жасалған жағдайларды одан әрі жақсартуға байланысты Өзбекстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 407-санды қаулысы қабылданды.

    Қаулы негізінде жанұялық қонақүйлер қызметін жолға қоймақ болған шағын кәсіпкерлік субъектілерге коммерциялық банктер тарапынан ұлттық валютада бөлінетін, жалпы құны 5 миллиард сумнан, пайыз ставкасы Орталық банк негізгі ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінен аспайтын несиелер бойынша олар негізгі ставкадан асқан, бірақ негізгі ставканың 30 пайызынан көп болмаған бөлігін қаптау үшін үш жыл мерзімге өтемақы беріледі. Өтемақы Экономикалық даму және кедейшілікті қысқарту министрлігі құзырындағы Кәсіпкерлік қызметін қолдап-қуаттау қорының қаржысы есебінен бөлінеді.

    Сонымен қатар, туристік ақпараттық орталықтарын шекаралық өткізу пункттерінде де құрылуы мүмкін. Олар Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тегін орналастырылады.

    Қабылданған қаулыға сәйкес, отаулы және шатырлы лагерьлер қызметін сертификаттандыруды оңтайландырып, жанұялық қонақүйлер, хостелдер, отаулы және шатырлы лагерьлерді үйрену негізінде оларды Жанұялық қонақүйлер мен хостелдер бірыңғай реестріне енгізу жолымен жүзеге асырылады.

    Бүгінде инвесторларға жаңадан салынған қонақүй 3 жұлдызды санатқа және 50-ден кем болмаған қонақ үй бөлмелері қорында немесе 4 жұлдызды санатқа және 100 нөмірден кем болмаған субсидия берілетіні белгілі. Қаулыда «жаңадан салынған қонақүй» түсінігі нығайтылып, оған сәйкес бекітілген жоба негізінде капитал ғимарат және кешен ретінде құрылған немесе соңғы он жылда қонақүй қорында болмаған жағдайда қайта құрылған қонақүй жаңадан салынған қонақүй саналады.

    Сондай-ақ, құрылыс үдерісінде өзгертілген жоба бойынша (қонақүйді қайта жөндеу (немесе) және реновация жасау бұған қатысы жоқ) орналастыру құралы ретінде салынған, жаңадан іске қосылған нысан да жаңа құрылған қонақүй ретінде есепке алынады, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates