Мемлекет басшысы өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы жөнінде жиын өткізді

    Билік 11 Iyul 2022 4499

    11 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық реформалардың тиімділігін талдауға арналған кеңес өткізді.

    Өзбекстандағы реформалар барысында, барлық салада түрлі деңгейде өзгерістер жүргізіліп жатыр.

    Атап айтқанда, соңғы 3 жылда барлық аймақтар, сектор мен саланы дамыту бойынша 400-ден астам қаулы мен қарар қабылданды.

    Мемлекет басшысы «Адамдар өміріндегі өзгерістерді сезінуі керек» деп үнемі талап етеді. Осыған сәйкес реформалардың халық өміріне әсері зерттелуде.

    Сондай кешенді зерттеулердің бірі жақында Самарқанд облысы жағдайында жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі әкім көмекшілерінің белсенділігін, білім, денсаулық сақтау, интернет, қоғамдық көлік салаларындағы өзгерістерді жоғары бағалады.

    Бұл ретте жергілікті мәселелер мен өзгерістер сезілмейтін жерлерді ашық айтқан. Атап айтқанда, жер мен суды тиімді пайдалану, электр қуаты, газ және ауыз сумен қамтамасыз ету, жер телімін бөлу сияқты салаларда кемшіліктер бар. Мәселен, Самарқанд қаласындағы халық қабылдау бөлімдеріне тұрғындар мен кәсіпорындарды электр қуатымен, сұйытылған газбен және көмірмен қамтамасыз етуге байланысты 15 мыңнан астам өтініш түскен.

    Жиында аудан, қалалардағы реформалардың тиімділігі, тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген өзекті мәселелер жан-жақты сараланып, ұсыныстар айтылды.

    Нақты айтқанда, әкімшілік реформаларды жалғастыру, бюджеттік қызметкерлердің санын оңтайландыру, жергілікті бюджеттерді дұрыс бағыттау керектігі айтылды. Ауыл шаруашылығында жерге ұзақ мерзімді кепілдік беру, мемлекеттің араласуын азайту, қаржылық қызмет көрсетуді жақсарту қажет. Сондай-ақ энергия ресурстарымен қамтамасыз ету, кадастр, жол, коммуналдық шаруашылық жүйелері жетілдіріліп жатыр.

    Президент барлық реформаларды төменгі буындармен байланыстырып, оларды ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағыттау керектігін баса айтты.

    Самарқанд облысындағы жағдайдың басқа аймақтарда да бар екені айтылып, үкіметке проблемаларды орнында зерттеп, дер кезінде шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates