Ислам даму банкі онкологиялық қызметті дамытуға қаржы бөледі

    Қаржы 16 May 2022 1239

    Президенттің 13.05.2022 жылғы «Ислам Даму Банкінің қатысуымен «Өзбекстан Республикасының онкологиялық мекемелерін жаңғырту (II кезең)» жобасын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» ПҚ-242-санды қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі (ИДБ) арасында 2021 жылдың 4 сентябрінде «Өзбекстан Республикасындағы онкологиялық мекемелерді жаңғырту (II кезең)" жобасын қаржыландыру үшін 5 жылдық жеңілдік кезеңімен 20 жыл мерзімге жалпы құны 80 миллион доллар болатын несиелік келісімге қол қойылған.

    Жобаның ІІ кезеңін 2022-2026 жылдарда жүзеге асыру аясында онкологиялық мекемелерді құру, қайта жөндеу және жаңғырту, оларды жабдықтау үшін 110 түрден астам медициналық және диагностикалық құрал-жабдықтарды сатып алу, онкологиялық қызметтің әлеуетін түбегейлі арттыру, сала мамандарын оқыту мен даярлау, тағы басқа да шаралар жүзеге асырылуда.

    Қаулымен төмендегілер белгіленді:

    Денсаулық сақтау министрлігі жобаны өз уақытында жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ ИДБ несиесін мақсатты әрі тиімді пайдалану бойынша жауапты атқарушы орган саналады;

    Денсаулық сақтау министрлігі құзырындағы "O'zmedimpeks" жауапкершілігі шектелген қоғамының жоба аясында жасалған келісімшарттар бойынша контрагент болып табылады;

    ИДБ несие қаржыларын қайтару, сондай-ақ қосымша (үстеме) және пайыздар, басқа төлемдерге байланысты қаражаттар Өзбекстан Республикасының республикалық бюджеті қаржысы есебінен қапталады.

    Сонымен қатар құжатпен төмендегілер бекітілді:

    «Өзбекстан Республикасының онкологиялық мекемелерін жаңғырту (II кезең)» жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері;

    «Өзбекстан Республикасының онкологиялық мекемелерін жаңғырту (II кезең)» жобасы бойынша Ислам Даму Банкінің несие қарыздарын қайтару, сонымен бірге қосымша (үстеме) және пайыздарды төлеудің болжам кестесі;

    «Өзбекстан Республикасының онкологиялық мекемелерін жаңғырту (II кезең)» жобасы аясында тартылған несие қаржыларының жұмсалу бағыттарын бөлу.

    Жобаны жүзеге асыру аясында сатып алынған және әкелінетін тауарларға (қызметтерге) төленуі қажет болған ҚҚС Мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен төленеді. Бұл ретте салық және кедендік жеңілдіктерді қолдану немесе бюджет қаржылары есебінен төлеп берілуі нәтижесінде үнемделген қаржылар Өзбекстан Республикасының жобаны жүзеге асыруға қосқан үлесі ретінде есепке алынады.

    Ҳужжат Қонун ҳужжатлари маълумотлари миллий базасида эълон қилинган ва 13.05.2022 йилдан кучга кирди.

    Құжат Заң құжаттарының деректері ұлттық базасында жарияланған және 13.05.2022 жылдан бастап күшіне енеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates