баннер
11 Apr 2025
06:49

    Ислам даму банкі тағы 4 жобаға 434 миллион доллар инвестиция енгізуде

    Үстіміздегі жылдың 5 мвртында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнерк»сіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Ислам даму банкінің аймақтық басқармасының басшысы Ибрахим Шукри басшылығындағы делегацияны қабылдады.

    Кездесу барысында ағымдағы біріккен жобаларды жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асыру үдерісінде туындайтын мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды жедел жоюдың нақты іс-шаралары әзірленді.

    Халықаралық қаржы институтының елімізге болған жоғары сенімін ескере отырып, экономиканың басым секторларындағы ынтымақтастықтың бірқатар болашағы зор бағыттары қарастырылды.

    Қазіргі таңда Ислам даму банкімен бірлесіп жалпы құны 1,2 миллиард долларды құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда, сонымен қатар жалпы құны 434 миллион долларды құрайтын 4 болашағы зор жоба әзірленуде, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech