Израиль мемлекетімен туризм саласындағы ынтымақтастық нығая түспек

    Туризм 18 May 2022 2044

    17 майда Ташкент қаласындағы «Hilton» қонақ үйінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов пен Израиль мемлекетінің Туризм министрі Еел Развозов арасында екіжақты ынтымақтастық байланысты нығайту туралы келісімге қол қойылды

    Аталмыш құжатта екі ел арасындағы өзара саяхатшылар ағынын арттыру, әуерейстерді көбейту, сондай-ақ туристік бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастық байланысты, өзара эфир уақытын алмасу, екі елдің танымал суретшілерінің көрмелерін ұйымдастыру, Самарқанттағы Жібек жолы халықаралық туризм университеті мен Израильдегі серіктес оқу орындары арасында ынтымақтастықты дамыту көзделген.

    Қол қою рәсімінен соң Өзбекстан мен Израильдің туризм министрлері журналистердің сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, Еел Развозов Өзбекстанның бай тарихы мен мәдени мұрасы бар мемлекет екенін айта келе, израильдіктердің елімізге саяхаттауға деген құлшынысы артып келе жатқанын жеткізді. Жоғары мәртебелі қонақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен жасампаз істерге де жоғары баға берді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    Еел Развозовтың айтуынша, Келісімге қол қою Өзбекстан мен Израиль арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, туристер ағынын айтарлықтай арттыруға қызмет етеді.

    Айта кетейік, биыл Өзбекстан Республикасы мен Израиль мемлекеті арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай, Туризм және мәдени мұра министрлігінің бастамасымен және Өзбекстанның Израильдегі туризм елшісі Хай Давидовтың іс-әрекетімен 14-21 июнь аралығында Израильдің 5 қаласында (Холон, Ашдод, Петах Тиква, Рамле, Ор Юда) өзбекстандық әнші Бахром Назаровтың концерті өтеді. Мәдени бағдарлама аясында еліміздің туристік әлеуеті де көрсетіледі.

    Сонымен қатар, Израильден келетін саяхатшыларғае ыңғайлы болу үшін елімізде кошер стандарты енгізілгенін айта кеткен жөн.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates