ИӨСМ мамандары Финляндия сауда және бизнес тәжірибесін игеруде

    Бизнес 21 Fevral 2024 392

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жобасы аясында ағымдағы жылдың 12-16 февраль күндері Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі және басқа да кеңселердің өкілдерінен құралған делегация өкілдері Финляндияның тиісті министрліктері мен ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

    Атап айтқанда, Финляндия Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен болып өткен келіссөздер барысында сауданы дамыту, жеке секторды қолдап-қуаттау және Өзбекстан экспорттайтын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды. Елімізде қолайлы сауда ортасын жарату, шағын және орта бизнестің Еуропа базарларына шығуын қолдау бойынша Финляндия тәжірибесін енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

    Team Finland компаниялар тобының өкілдерімен және оның құрамына кіретін Business Finland, Finnvera, Finnfund және Finnpartnership сияқты ұйымдармен сұхбатта Финляндияның белгілі брендтерімен бірге жаңа жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экспортты ынталандыруда тиімді құралдар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін біріккен платформалар әзірлеуде серіктестіктің болашағы талқыланды.

    Сапар бағдарламасына сәйкес делегация Финляндияның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Шығыс Сауда палатасында (EastCham) болып, шағын және орта бизнесті қолдап-қуаттау бойынша әр екі ұйым тарапынан көрсетіліп жатқан қызмет түрлерімен танысты. Келіссөздер кезінде фин және өзбекстандық кәсіпкерлері арасында тәжірибе алмасу бағдарламасын әзірлеу мәселесіне келісілді. Бұл Өзбекстандағы бизнестің өсуіне және дамуына негіз жасайды.

    Финляндияның Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесуде тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге ерекше назар аударылды. Finnish Food Authority мамандары Өзбекстанға азық-түлік қауіпсіздігі мен өнімнің сапасын қамтамасыз ету әдістерін, ал Финляндияның Fairtrade компаниясының мамандары әділ сауда тәжірибесін ұсынды.

    Сапар қорытындысы бойынша Өзбекстан экономикасының негізгі бағыттарына алдыңғы қатарлы Финляндия тәжірибесін енгізу бойынша іс-шаралар бағдарламасын бірлесіп әзірлеу келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.