IV Еуразиялық әйелдер форумы аясында ұйымдастырылған жалпы мәжілістің ашылу салтанатында Сенат Төрағасы баяндама жасады

    Бұған дейін Санкт-Петербург қаласында әйелдердің IV Еуразиялық форумы жұмысын бастағанын хабарлаған едік.

    Форум аясында ұйымдастырылған жалпы мәжілістің ашылу салтанатында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева баяндама жасады.

    Сенат Төрайымы өз сөзiнде Өзбекстанда әйелдердің мүдделері мемлекеттiк саясат деңгейiне көтерілгені мен олардың барлық салаларда белсендiлiгiн арттыру бойынша жүзеге асырылып жатқан кешенді бағдарламаға тоқталды.

    Әсіресе, бұл тұрғыда қол жеткізілген іс жүзіндік нәтижелер форум қатысушыларының назарын аударды.

    Атап айтқанда, елімізде соңғы 7 жылда басшылық қызметтерде әйелдер саны 27 пайыздан 35 пайызға артқаны, ал парламенттік қызметте 32 пайызға дейін өскені, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсыныстарына сәйкес келетіні айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ, биылғы жылы жүзеге асырылған реформалар Дүниежүзілік банктің «Әйелдер, бизнес және құқықтар» есебінде Өзбекстанды гендер теңдікті қамтамасыз етуде ең үлкен жетістіктерге жеткені халықаралық көлемде бағаланып, басқа елдерге үлгі ретінде мойындалды.

    Форум өз жұмысын жалғастырады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates