Қала әкімі Жахонгир Ортиқходжаев елімізге келген қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, оларға елімізде Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен  жүзеге асырылып жатқан реформалармен таныстырды. Сонымен қатар қала басшысы экономиканы жедел дамыту және кәсіпкерлікті қолдап-қуаттау бағытындағы іс-шараларға айрықша тоқталды.

Сондай-ақ, Түркиямен барлық саладағы ынтымақтастықтың нығаюына және дамуына қанағаттанатынын жеткізді.

Түркиялық қонақ Сулейман Саваш Эрдем жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, мемлекет басшысы тарапынан елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардан хабардар екенін, ынтымақтастықтың мақсаты екі елдің экономикасының дамуына үлес қосу екенін айтты.

 Сүлейман Саваш Эрдем “OYAK”  компаниясының құрылғанына 60 жылдан астам уақыт өткенін, әлемде үлкен беделге ие екенін және дамып келе жатқанын атап өтті. Компания логистика, қаржы, химия салалары, целлюлоза және цемент өндірісі, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы сияқты салалардағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Кең көлемді қызметіне ие компанияның Ташкент қаласында да өндіріс кәсіпорындарын салуды жоспарлап отыр және бұл байланыстар оңды нәтиже береді деп үміттенеді, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.