Экономика және Қаржы министрлігі, Салық комитеті және Орталық банктің «Жұмыс берушілер тарапынан азаматтардың жеке жинақтайтын зейнетақы есепшоттарына мәжбүрлі жинақтайтын зейнетақы жарналарын есептеу және төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» бірлескен қаулы қабылданды.
Жұмыс беруші заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің зейнетақы есепшоттарына, осы заңды тұлға қызметкер үшін негізгі жұмыс орны болып саналғаны немесе оның қосымша жұмыс істейтініне немесе азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыстарды атқаратынына қарамастан, мәжбүрлі жинақталған зейнетақы жарналарын енгізуге міндетті.
Жарналар зейнетақы есепшоттарына жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеумен қатар жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлек үшін белгіленген мерзімдерде бөлінеді.
Бұл тиісті төлем тапсырмасы арқылы жүзеге асырылады және онда аманатшының реквизиттері, өткізу мақсаты, өткізіліп жатқан жинақталатын зейнетақы жарналарының сомасы, “Халық банкінің” тиісті филиалына жіберілетін реестрдің нөмері мен санасы көрсетіледі.
Жұмыс беруші әр айда есеп беру айынан кейінгі айдың 15 күніне дейін жарналар өткізілген әрбір төлем құжаты сомасына арнайы, белгіленген тәртіппен ЖЖЗЕЖ нөмірлері, әрбір қызметкердің фамилиясы, есептелген жалақысы және жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы көрсетілген жағдайда қызметкерлер реестрлерін электронды құжат ретінде қалыптастырып, тиісті Халық банкінің филиалына электронды түрде тапсыру немесе оны Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталына жеке “кәсіпкерлік субъекті кабинеті” арқылы жіберілуі қажет.
Халық банкі әр күні Салық комитетіне зейнетақы жарналарының түсімі туралы ақпаратты беріп отырады.