Оңтүстік Корея биоорталықтарымен тәжірибе және мамандар алмасуы жолға қойылады

    Өзбекстан елшілігінің қолдауымен Фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің директоры Абдулла Азизов бастаған еліміздің делегациясының Оңтүстік Кореяға іссапары ұйымдастырылды.

    Сапар барысында Өзбекстан делегациясы Инчхон еркін экономикалық аймағының (IFEZ), «Pangyo Techno Valley» өнеркәсіп аумағын дамыту бөлімі, сондай-ақ «Gyeonggi Bio Center» биоорталықты дамыту тобы басшылығымен, келіссөздер жүргізді.

    «Pangyo Techno Valley» өнеркәсіп аймағы 2005 жылы Корея Республикасы үкіметінің бастамасымен 662 000 м² аумақта құрылған. Бүгінгі таңда биотехнологиялық аймақта АКТ, биотехнологиялар және нанотехнологияларды дамыту бойынша 1622 компания жұмыс істейді.

    «Gyeonggi Bio Center» биоорталығы Кенгидо облысыбасшылығы бастамасымен 32 000 м² жерге 2007 жылы құрылған. Бұл орталық биотехнология саласындағы инвестициялық және стартап жобаларды жүзеге асыруға маманданған. Бүгінде орталықта 24 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 50 мың жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Орталықта 14 стартап жоба жүзеге асырылуда.

    Диолог барысында делегация мүшелеріне аталған өндірістік және ғылыми-зерттеу бағыттардың құрылу тарихы туралы жан-жақты айтылды. Оларға Оңтүстік Корея үкіметі тарапынан субсидия бөлінетіні атап өтілген.

    Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың көптеген болашағы зор бағыттарды талқылады. Атап айтқанда, Фармацевтикалық саласын дамыту агенттігінің ғылыми-зерттеу институттары, Өзбекстандағы фармацевтика саласындағы жоғары оқу орындары мен «Ташкент Фарма Парк» инновациялық ғылыми-өндірістік кластері және «Gyeonggi Bio Center» биоорталық арасында тәжірибе мен кадрлар алмасуын жолға қою бойынша келісімге қол жеткізілді.

    Оңтүстік Корея тарапы Өзбекстанмен ғылыми-зерттеулер бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін және Корея Республикасының биотехнологиялық орталықтарында өзбекстандық ғалымдардың білімін жетілдіруді ұйымдастыруға іс жүзіндік көмек көрсетуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates