Кездесу басында Агенттік директоры Абдулла Азизов Агенттіктің негізгі міндеттеріне тоқталып, фармацевтика өнеркәсібін дамытудың орта және ұзақ мерзімді болашақтарымен, жасалған мүмкіндіктермен, жағдайлармен таныстырды және Өзбекстанның қарқынды дамып келе жатқан фармацевтика өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығы туралы ақпарарт берді.
“DKConsulting” басқарушы директоры Chulsoo Kim аталмыш компанияның қызметіне байланысты ақпаратпен таныстырды. Компания жылына 5 миллион таблетка өндіру қуатына ие болған фармацевтикалық кәсіпорынды Өзбекстан аумағына құру ниетінде екенін айтты. Бұл жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы жоспарланды.
Агенттік директоры «DKConsulting» компаниясына Оңтүстік Кореяның Топ-5 фармацевтикалық компанияларын тартуға және жобаларды жүзеге асыруға қолдап-қуаттайтынын білдірді.