Жас журналистер мен блогерлер үшін оқу-семинары ұйымдастырылды

    Мәдениет 18 Noyabr 2021 553

    Осы күндері Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бастамасымен «Мәдениет және өнер апталығы» өтуде.

    Апталық аясында АКТА тарапынан Баспа-полиграфия қызметі саласында мамандарды даярлау кәсіптік-техникалық колледжде «Жас мәдениет және өнер блогерлерін» оқытуға және тәжірибесін арттыруға қаратылған оқу-семинары ұйымдастырылды.

    Оқу-семинар барысында қатысушыларға «Блогер түсінігі: құқықтар мен міндеттер, адам құқыған, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу шарттары» , «Өзбекстан заңдылығындағы ақпарат еркіндігі, бейтараптық және әділдік, сондай-ақ қоғам мүдделері», «Тұлғаға қатысты мәліметтерді пайдаланудың тәртібі мен шарттары» тақырыптарында жаттығулар жүргізілді.

    Жаттығулар барысында Агенттік басқарма басшысы Мамуржон Парпиев, Өзбекстан Журналистер шығармашылық одағының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Олимжон Усаров БАҚ-та жүргізіліп жатқан реформалар, бүгінгі медиа кеңістігіндегі өзгерістер, журналистердің мүмкіндіктері мен блогерлердің еркін жұмыс істеуі, құқықтары мен міндеттері туралы ой-пікірін білдірді.

    Сонымен қатар, жаттығуда бүгінгі күн блогосферасының алдында тұрған маңызды мәселелер, орын алған проблемалар талданып, блогосфераны одан әрі дамыту, сапасының саны мен салмағын арттыру мәселелері талқыланды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates