Өзбекстан Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінде 27 июнь – Баспасөз және БАҚ қызметкерлері күніне орай шара өткізілді.
Шарада журналистика саласына қосқан баға жетпес үлесі, білім және тәрбие үдерісіне белсене атсалысып, халықаралық байланыстарды нығайтудағы қызметтері үшін бір топ белгілі журналистерге, жауапты тұлғаларға және университет серіктестеріне ӨзЖБКУ-дың «Құрметті профессоры» және «Құрметті доценті» атақтарымен марапатталды.
«Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы Салим Донияровқа да «Құрметті профессор» атағы берілді.
Айта кетерлігі, Салим Мусурмонович медиа саласында журналистік теорияны тәжірибемен ұштастырған ұстаз-журналист ретінде танылды.
Редакция ұжымы Салим Донияровты осы атағымен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейді.








