Кездесуде екі ел басшыларының саяси ерік-жігері мен бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында Өзбекстан-Қазақстан қарым-қатынастары бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгені ризашылықпен атап өтілді.
Шынайы рухта өткен кездесуде медиа саласындағы өзара мүдделі ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелердің ауқымы жан-жақты талқыланды. Бұл бауырлас халықтарымыз арасындағы достық байланысын нығайтуға қызмет етеді деген пікір айтылды.
«Біз БАҚ-қа бірлескен жобаларды жүзеге асыруда, соның ішінде контентпен бөлісуде, пресс-турлар ұйымдастыруда, Өзбекстан мен Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауда оларға жан-жақты қолдау көрсетуге келістік», — деді Шерзод Асадов әлеуметтік желідегі парақшасында.