– Ыстық ауа райында табиғи, ашық түсті, мақта матадан тігілген киімдерді киген жөн, – дейді Алмазор аудандық медициналық бірлестігінің бастығы Азизбек Низамов. – Маусымға лайықты киімдер терінің тыныс алуына мүмкіндік жасайды және дененің қызып кетпеуінің алдын алады.

Мүмкіндігінше тікелей күн сәулесінен сақтануға әрекет жасап, бас киім киген дұрыс.

Күн сәулесі сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін өте белсенді жағдайда болады. Сондықтан бұл аралықта көшеге шығуды жоспарламаған дұрыс.

Егер сыртқа шығу қажет болса, дененің ашық жерлерін күн сәулесінен қорғауға тырысу керек.

Ыстық ауа райында ағзадағы су балансы бұзылып, көп ылғалдық жоғалады. Сондықтан аптап ыстықта күніне кемінде 3 литр сұйықтық ішу қажет.

Жазда шөлді шиеден, алмадан және қышқыл жемістерден жасалған шырындар, айран мен лимон суы басады.

Ыстық күндері кофеден бас тартқан дұрыс. Өйткені ол ыстық күнде шаршауды арттырады.

Тәтті және газдалған сусындар да ұсынылмайды.

Ыстық ауа райында алкогольден бас тарту қажет.

Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.