Женевада Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу бойынша Жұмысшы топтың 5-жиналысы басталды

    Үстімідегі жылдың 21 июнінде Женева қаласында Өзбекстанның Дүниежүзі сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болу бойынша Жұмысшы топтың 5-жиналысы өтті.

    Шараға ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің 60-тан астам делегациялары, сондай-ақ халықаралық ұымдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.

    Сөз сөйлеген 25 ДСҰ-ға мүше елдердің барлығы, сондай-ақ АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Индонезия, Корея Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және тағы басқалар Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуын бір дауыстан қолдап-қуаттап, Ұйымға мүше болуы еліміздің көпжақты сауда жүйесіне толық интеграциялануына мүмкіндік жасалуын, барлық мүше мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға түрткі болуын сондай-ақ жаһандық деңгейдегі халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың құқықтық жүйесін кеңейту үдерісін жеделдетуін айтты.

    Шара қатысушылары мемлекетіміз басшысының басшылығында Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму Стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан Өзбекстан экономикасы мен сыртқы сауда режімін еркіндетудің белсенді, прагматик және терең ойланған саясатына жоғары баға берді. Олардың айтуынша, Стратегия халықаралық қауымдастық тарапынан тән алынып, толық қолдап-қуатталуда.

    Өзбекстанның Ұймға мүше болу үдерісі шеңберінде, сонымен қатар кеңейтілген құжаттар жинағын даярлау мен мемлекет базарына шығуға екіжақты келіссөздер жүргізу аясында ДСҰмен жұмыс істеу бойынша Кеңселераралық комиссияның жүзеге асырған іс-әрекеттерінің нәтижелеріне жоғары баға берілді.

    Жұмысшы топтың жиналысының ашылуында сөзге шыққан ДСҰмен жұмыс істеу бойынша Кеңсеаралық комиссия төрағасы – Преьмер Министрдің орынбасары — инвестициялар мен сыртқы сауда министрінің орынбасары С.Умирзаков еліміздің сыртқы экономикалық саясаты аясында жүзеге асырылған кең көлемді реформалардың негізгі бағыттарының бірі ретінде Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болудың маңыздылығы мен бірыңғай үстемдігін айтты.

    Өзбекстан делегациясының басшысы Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуы үдерісін белсенді алға тарту және болашақта Ұйымға мүше барлық мүдделі мемлекеттермен екіжақты келіссөздерді аяқтау бойынша қаулысы қатаң екені бекітілді.

    Шараның күн тәртібінде, Жұмысшы топ Өзбекстанның сыртқы сауда режимі бойынша ұсынылған құжаттар, сондай-ақ, Фактологиялық қорытынды, ДСҰ-ға мүше-мемлекеттер сұрақтарына жауаптар, экономикалық саясат бойынша мәлімет, мемлекет активтерін жекешелендіру бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар, кеден-тариптік саясаты, ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдап-қуаттау, өндіріс субсидияларын талқылауға кірісті.

    Өзбекстан делегациясы, сондай-ақ Женевада АҚШ, Еуропа Одағы, Канада, Бразилия, Швейцария, Индонезия, Саудия Арабия, Монғолия және басқа ДСҰ-ға мүше ірі мемлекеттер — Өзбекстанның Ұйымға мүше болуы бойынша Жұмысшы топтың мүшелерімен тауар және қызметтер базарына шығу туралы қатар екіжақты келіссөздер өткізілуде, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates