Аталған Заңның мақсаты – дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.
Спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт саласындағы өкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Заңға сәйкес, азаматтар әуесқой спортпен, сондай-ақ кәсіби спортшы, жаттықтырушы, спорт төрешісі ретінде айналысуға құқылы.
Спорт клубы спорт қызметімен айналысу, спорт түрлерін дамыту және бұқараландыру, сондай-ақ спортшыларды жарыстарға дайындау мақсатында құрылады.
Спортшы паспорты – бірыңғай үлгідегі құжат болып табылады, ол спортшының дене шынықтыру және спорт ұйымына тиесілігін және спорттық дәрежесін растайды.
Спорт түрі қағидалары және спорт жарысы туралы ереженің (регламенттің) сақталуын қамтамасыз ету үшін өкілет берілген жеке тұлға спорт төрешісі болып табылады.
Мемлекет тарапынан спортшылар мен жаттықтырушыларға бір реттік және ай сайынғы төлемдер (стипендия, жәрдемақы және басқалар) түрінде қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.