53 елде тіркелген аурулардың 15 пайызы экологиялық проблемалардан туындайды

    Пікір 7 Iyul 2023 3343

    Планетамыздағы экологиялық дағдарыс пен қоршаған ортаның ластануына байланысты жаһандық проблемалардың артуы адамзат денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіретіні сыр емес.

    Осы мәселені талдауға ДДСҰ Еуропа аймақтық бюросының жаңа есеп беруі дәл осы мәселені талдауға арналады. Онда айтылуынша, бюроға мүше 53 мемлекетте (соның ішінде Орталық Азия елдерінде) тіркелген барлық аурулардың шамамен 15 пайызы осы фактор жағдайында туындайды.

    Сондай-ақ, Ұлыбританиядан Қытай шекарасына дейінгі аумақты қамтитын бұл аймақта жыл сайын 1,4 миллион адам экологиялық проблемалардың кесірінен өледі.

    Олардың 570 мыңға жуығы атмосфералық ауаның ластануынан туындаған аурулардың құрбаны.

    Сонымен қатар, тек 2022 жылдың өзінде Еуропа аймағында байқалған аномальды ыстық температура кем дегенде 20 мың адамның өліміне себеп болды.

    Осының негізінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері тарапынан «Будапешт декларациясы» қабылданады деп күтілуде.

    Бұл құжат экологиялық проблемаларды жою бойынша бірқатар міндеттемелерді қамтиды, оларды жүзеге асыру халық денсаулығының көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.