ДДСҰ COVID-ке байланысты карантинді сақтауға шақырды

    Денсаулық 8 Yanvar 2024 1327

    Дүниежүзі бойынша COVID-19 ауруының саны артып келе жатқандықтан, бетперде киіп, вакцинациялауды жалғастыру маңызды.

    Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебреесус X (Twitter) әлеуметтік желісінде жазды.

    Оның айтуынша, короноврус және тұмаумен ауру екі аптадан бері көбейіп барады және бұл үрдіс жалғасады деп күтілуде.

    Ол тұрғындарды тестілеуден өтуге шақырды. COVID-19 бар науқастардың емделуі ауыр науқастың және өлімнің алдын алатынын атап өтті.

    «Сіз бетперде киіп, арақашықтықты сақтап, өзіңіз және жақындарыңыздың коронавирус, сондай-ақ тұмауға қарсы екпе алғанына көз жеткізуіңіз қажет», - деп қосымша жасады ДДСҰ басшысы.

    Гебреесус билік органдарын сенімді тесттер, емдеудің әдістері және вакциналардан пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жағдайлардың көбеюін бақылауды жалғастырып, халықты хабардар етуге шақырды.