– Коронавирустық пандемияның бірінші жылы бүкіл адамзат үшін қиын сынақ болды. Сол кезде ең алдымен науқастардың өмірін сақтап, аурудың алдын алуға басты назар аударылды, —дейді Мурод Ирисметов. – Уақыт өте келе медицина осы қауіпті инфекциямен күресудің тиімді жолдарын тапты. Емдеу стандарттары жетілдірілді. Ең бастысы, COVID-19-ға қарсы вакциналар әзірленді.
Бірақ көп ұзамай коронавирустың тағы бір қауіпті жағы анықталды. Яғни, оның ауыр асқынулары! Осы жағдай СOVID-19-ды жұқтырған кейбір науқастарда жамбас сүйегі, желке, тізе буындарының кемірілуін байқалатыны жасырын емес. Бұл – әлем ғалымдарының ғылыми тұжырымы.
Соңғы статистикалық талдауға жүгінсек, бұл дертке шалдыққандар саны індетке дейінгі кезеңнен қазіргі уақытқа дейін 3-4 есе артқанын көреміз.
Нәтижесінде, бұл аурудың ауыр кезеңдерінде жоғары технологиялық операция болып саналатын эндопротездеуге мұқтаж науқастар саны артып келеді.
Рас, коронавирус пандемиясы басталмай тұрып-ақ, қан тамырларының некрозынан зардап шегетін отандастарымыздан өтініштер болған. Бірақ олардың саны қазіргідей көп емес еді.
Бүгінгі таңда медициналық орталығымызда осы дертке шалдыққан мыңнан астам науқастың реестрин қалыптастырғанбыз. Талдаулар негізінде көрудеміз, олардың көпшілігі коронавирусқа қарсы екпе алмағандықтан ауыр дертке шалдыққанын көреміз.
Сонымен қатар, дәрігердің ұсынысынсыз үй жағдайында әртүрлі антибиотиктер мен гормондық препараттарды қолданған. Нәтижесінде сүйек кемірілуі уақыт өте келе пайда болуда.
Сондықтан, дәрі-дәрмекті өз бетінше қолдану әртүрлі ауыр асқынулар тудыратынын ұмытпайық.
Сонымен қатар, отандастарымызға COVID-19-ға қарсы толық басқышта бустер дозада, әрине екпе алуы қажет екенін ескерткім келеді.