АҚШ-тың Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фауси баршаға қатаң түрде ескертеді. Оның айтуынша, алдағы қыста коронавирустың жаңа, аса қауіпті штаммы пайда болуы мүмкін. «Біз инфекциядан немесе вакцинациядан арттырған иммунитетімізді жеңе алатын басқа штамм пайда болады деп болжауымыз керек», — деді Фауси.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір бүкіл елде ауруханаға жатқызу және өлім сияқты пандемия тенденциялары азайып келеді. Мысалы, қазір АҚШ-та COVID-тан қайтыс болғандардың бір аптадағы орташа көрсеткіші 323 адамды құрайды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметінше, бұл февраль және март айларында елде байқалған 1000-нан 2 500-ге дейінгі көрсеткіштен төмен.
Бірақ Фауси баршаны сақ болуға шақырды. Өйткені қыста әрдайым инфекцияның көбею қаупі бар. «Біз дұрыс жолда келе жатқан сияқтымыз. Бірақ пандемия толығымен аяқталды деп айту шындыққа жанаспауы мүмкін », — деп толықтырды ол.
Фауси 2021 жылдың жазын нұсқады. Сол кезде АҚШ-та осындай төмен пандемия үрдістері болды. Бірақ омикрон нұсқасы пайда болды және өткен қыста коронавирусты жұқтыру жағдайлары рекордтық деңгейге жетті. Содан бері Америка Құрама Штаттарында омикронның бірнеше субштаммдары пайда болуымен бірге доминант болды.
«Егер осы қыста тағы бір жаңа, жұқпалы нұсқа пайда болса, таң қалмауымыз керек», - деді Фауси. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, кейбір жаңа субштаммдар, соның ішінде БA.4.6 иммундық жүйеден БA.5-ке қарағанда тиімдірек қашатын сияқты.
Бұл күшейтетін дозаны алу маңызды екенін білдіреді, деді Фауси. Бұл 12 жастан асқан барлық адамдарға қатысты.
Ақпарат үшін, 10 октябрь жағдайына елімізде бустер дозасымен елмделгендер 20 016 400 адамды құрады.