ДДСҰ қызамыққа қарсы шұғыл екпе егуді ұсынды

    Денсаулық 24 Yanvar 2024 1402

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросы «кәрі құрлық» елдерін дереу қызамыққа қарсы екпе егу кампанияларын өткізуге шақырды.

    Бұл шұғыл ұсыныстар осы күндері пайда болуы бекер емес. Өйткені өткен жылы аумақта бұл дертті жұқтырғандардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 30 есеге артқан.

    Сарапшылар мұны пандемия кезінде қызамыққа қарсы вакцинациямен қамтудың күрт төмендеуімен түсіндіреді. Нәтижеде 2023 жылдың январь-октябрь айларында бұл дертке шалдыққандар саны 30 мыңнан асты. Алайда, бұл статистика 2022 жылы небәрі 941 құраған болатын.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына орай, соңғы айларда қызамықпен аурырғандар тағы да өсті және шұғыл шаралар қабылданбаса, бұл үрдіс жалғасуы мүмкін.

    Қазіргі уақытта қызамық ресми түрде эндемия деп жарияланған елдерде өсу динамикасы байқалады. Атап айтқанда, Ұлыбританияда ауру көбейген соң елде ұлттық төтенше жағдай енгізуге мәжбүр болды.

    Ескерте кетейік, әлем бойынша 2022 жылы вакцинациямен қамту 2021 жылмен салыстырғанда шамалы өскенімен, сонда да 33 миллион бала қызамыққа қарсы вакцинация дозасымен қамтылмаған. 22 миллионға жуық ұл мен қыз мұндай вакциналардың бірінші дозасын, ал 11 миллионы екінші дозасын қабылдамаған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates