Зерттеулердің нәтижесінде, әр екі ауруды бірге емдеудің бірқатар артықшылықтары бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, мұндай терапия емдеудің тиімділігін арттырады, бақылаудағы науқастардың санын азайтады және өлім-жітім деңгейін төмендетуге қызмет етеді.
Бұл үдерісте қысқа немесеұзақ мерзімді перорал емдеудің курстарын қолдануға болады. Бұл үшін дәрілік заттардың өзара әсері мен науқастың қалауын ескеру қажет.
ДДСҰ болашақта осы жанасу негізінде туберкулез ауруын емдеуге қатысты ұсыныстарға тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік: туберкулездің алдын алуға және толық емдеуге болатынына қарамастан, бұл ауру жыл сайын жер бетінде 1,6 миллион адамның өмірін қияды. Ал гепатит әлемде жұқпалы аурулар арасында өлім-жітімнің екінші себебі болып табылады, ол жылына 1,3 миллион адамды өлтіреді.