ДДСҰ денсаулыққа қауіпті болған бес түрдегі азық-түлік тізімін жариялады

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығына кері әсерін тигізетін және әртүрлі аурулардың пайда болу қаупін арттыратын азық-түлік өнімдерінің тізімін жариялады.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Олар төмендегідей:

    1. Қайта өңделген ет өнімдері

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қорытындысына сәйкес, шұжық, ысталған сиыр еті, сосиска және сол сияқты қайта өңделген ет өнімдері онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.

    Ұйымның мәліметінше, күніне небәрі 50 грамм мөлшерде мұндай тағамды жеу тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупін 18 пайызға арттырады.

    2. Транс майлар және маргарин

    ДДСҰ транс майларды тамақтану расионынан толығымен алып тастауды жақтайды. Дүние жүзінде 5 миллиардқа жуық адам мұндай зиянды өнімдерден қорғалмағаны атап өтілді. Бұл жүрек ауруы мен өлім қаупін арттырады. Әсіресе маргарин – ең зиянды майлардың бірі.

    3️. Қуырылған тағамдар

    Мейрамханаларда қайта-қайта қолданылатын май денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Өз кезегінде, қуырылған жұмыртқа әртүрлі қауіпті ауруларды тудырады.

    4️. Шекер мен оның орнын басатын өнімдер

    Шекердің мөлшерден көп болуы бауырды зорықтырады және көптеген ауруларды тудыру қаупін арттырады. Сондықтан ДДСҰ ұсыныстарына орай, күнделікті тұтыну 25 грамнан аспауы керек.

    5. Консервіленген және қорапталған тағамдар

    Мұндай тағамдардың құрамында оларды сақтау мерзімін ұзартуға қызмет ететін зиянды қоспалар бар. Мысалы, картоп чипстерінің құрамындағы натрий глутаматы ағзаны темекі шегумен бірдей денені уландырады.

    Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, дәл осы затта болған дәмдеуіштердің түйіршіктері денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі өте жоғары.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates