2025 жылы алғаш рет балалар арасындағы семіздік жағдайлары арықтық көрсеткіштерінен едәуір жоғары болды.

Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) алғаш рет мектептерде дұрыс тамақтану бойынша әзірленген жаһандық ұсыныстарын жариялады.

Мәліметтерге сәйкес, мектеп жасындағы әрбір оныншы бала мен жасөспірім семіздіктен қиналуда. Әр бесіншісі, яғни жалпы 391 миллион ұл-қыз артық салмаққа ие. Сонымен қатар, әлем халқы арасында 800 миллионнан астам адам қант диабетіне шалдыққан.

Осы тұрғыда күннің көп бөлігін мектепте өткізетін миллиондаған балалар үшін тамақтану рационы өте аса маңызды. ДДСҰ басшысының пікірінше, жалпы білім беру мекемелерінде дұрыс тамақтану болашақта түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.

ДДСҰ ұсынымдары мектептерде зиянды өнімдерді, әсіресе қант, тұз және трансмайларды тұтынуды азайтып, керісінше жеміс-жидек, көкөніс, жаңғақ, дәнді және бұршақ тұқымдас өнімдердің үлесін арттыруды көздейді.

Ұйым жаңа нұсқаулықты тәжірибеге  енгізу үшін елдерге техникалық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.