Ана мен бала орталығында өзекті мәселелерге талдау жасалды

    Денсаулық 18 Yanvar 2024 1357

    Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығын ғылыми-практикалық медицина орталығында (РМО және АБДҚҒПМО) орталықтың облыстық филиалдарының басшылары мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

    Онда бірқатар өзекті мәселелер мен проблемалар талқыланды.

    Орталықта бұрыннан жұмыс істеп жатқан үш қызмет түрі – акушерлік және гинекологиялық, репродуктивті денсаулық және ана мен бала скринингі қызметтерінің біріктірілетіні айтылды.

    Енді биылдан бастап, осы бағыттарда болған проблемалар мен «тар орындарды» анықтау бойынша жиындар тұрақты түрде өткізілетін болады. Олар барысында туындаған қорытындылар мен ұсыныстарға талдау жасалып, қаулы қабылдау үшін Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.

    Жиында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің, медициналық мекемелердің аудиті саласындағы заманалық нормативтік-құқықтық құжаттардың, кадрлар даярлау дәрежесінің, сыбайлас жемқорлық жағдайларына назар аударудың, қаржылық тәртіпке мойынсұну, тағы басқалардың іс жүзіндік стандарттарына сәйкестігі мәселесі көтерді.

    Мәжіліс барысында РМО және АБДҚҒПМО-ның 14 облыстық филиалының директорлары өздерін толғандырған сұрақтарын айтты. Бұлар, перинаталдық көмекті регионализацияға байланысты проблемалар, атап айтқанда, ауыр дертке шалдыққан науқас, мерзімінен бұрын босанған әйелдерді облыстық мекемелерге жатқызылып емдеу қажет немесе керісінше, қауіпті белгілері байқалмаған, белгіленген мерзімде босанып жатқан әйелді бастапқы буындағы перзентхана кешеніне жіберу керектігі айтылды.

    Ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды міндеттерінің бірі — цифрландыру. Сонымен қатар жүкті әйелдердің бірыңғай электронды базасын жарату. Мұнда әрбір жүкті әйел туралы мәліметтер мәлімет базасына әйел дәрігерге алғаш барған кезден-ақ енгізіледі. Енгізілген ақпараттар перзентхана кешендерінің, сонымен қатар РМО және АБДҚҒПМО және оның аймақтық филиалдарының дәрігерлеріне белгілі екені ескеріледі.

    Сондай-ақ, ерекше жағдайларда көп мөлшерде қажет болып қалатын қан препараттарымен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Перинаталдық кезеңде емдеуге жатқызу сатысында қан кету қаупі жоғары әйелдерді қан препараттарымен алдын ала қамтамасыз ету жүйесін дамыту қажет.

    Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығы ғылыми-практикалық медицина орталығы филиалдарының директорларын толғандырған тағы бір мәселе – полипрагмазия немесе емделушіге негізсіз көп мөлшерде дәрі-дәрмек жазып беру. Бұрынғы клиникалық хаттамалар бойынша 1-3 дәрінің орнына дәрілік препараттар сериясын тағайындау нәтижесінде науқастардың жағдайы нашарлаған жағдайлар бар. Мамандардың айтуынша, көбіне дәріханалар, дәрі-дәрмекті фирмалық бланктерге емес, дәрігердің мөрісі жоқ қарапайым қағазға қарап сататын жағдайлар жиі кездесетінін айтады. Дәрілерді көп және шамадан тыс қабылдаудың нәтижесінде туындаған ауруларды емдеуге тура келуде.

    Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-практикалық медициналық орталығының ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates