Бала спортпен неше жастан айналысуы керек?

    Балалардың дені сау болып өсуі үшін дұрыс тамақтанумен қатар физиалогиялық белсенділіктің маңызы өте зор.

    Сондықтан ата-ана ұл-қыздарына спорт үйірмесін таңдауда олардың жасын, бойын, физиологиялық мүмкіндіктерін, өз қалауын, әсіресе бар ауруларын ескеруі қажет.

    – Атап айтқанда, 3 жасқа дейінгі балалармен тек дене шынықтыру жаттығулары ғана орындалады, – дейді Денсаулық сақтау министрлігінің бөлімнің басшысы Барно Адилова. – 4-5 жас аралығындағы ұл-қыздарды алдымен гимнастика жаттығуларға “шынықтыру”, баулу қажет. Себебі, бұл жастан кейін сүйектің иілгіштігі төмендеп, бала көптеген жаттығуларды орындауға қиналады.

    Адамның жүйке жүйесі негізінен 5-6 жастан бастап нығайа бастайтынын ескерсек, бұл кезең спортпен айналысуға ең қолайлы кезең болып саналады. Өйткені бұл уақытта бала жаттықтырушы берген тапсырмаларды орындай алатын жасқа жетеді.

    6 жасар баланың қалауы бойынша кез келген спорт үйірмесіне беруге болады. Бірақ бұл кезеңде олар үшін ең пайдалысы - жүзу, көркем гимнастика және футбол.

    Балаларда жиі кездесетін сколиоз сияқты қауіпті ауруларды 6-12 жасқа дейін жүзу, турникте жаттығулар орындау, жеңіл атлетика арқылы емдеуге болады. Көзі нашар көретін ұл-қыздар 9-11 жаста үстел теннисі және үлкен тенниспен белсенді түрде шұғылдануына болады.

    Спорттың барлық түрлері денсаулыққа пайдалы болғанымен, олардың кейбірін белгілі бір кезеңдерде шектеген жөн.

    Мысалы, дене бітімі дамуының кешеуілдеуі 12-14 жас аралығындағы ұл- қыздарға каратэ, таэквондо, дзюдо сияқты ауру беретін әдістерге бай спорт түрлері ұсынылмайды. Өйткені, баланың бойы өспей қалуы мүмкін.

    Сол сияқты ауыр атлетикамен 9-12 жаста айналысу да ұсынылмайды. Өйткені бұл балаға «ауырлық етіп», бүйректің айналасына май бітуіне әкеледі.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates