Кеше ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус індет жайлы сөйлеген сөзінде, өткен кезеңде осы қауіпті инфекциядан қайтыс болғандар саны 6 миллионнан асты деп қайғымен тілге тиек етті.
«Бұл біз үшін үлкен жоғалту», - деді ол. – Дүние жүзінде сырқаттанушылық пен өлім-жітім төмендеп жатқанымен, індет біткен жоқ. Өйткені ол жер жүзінің барлық нүктелерінде бір уақытта аяқталуы керек ».
Әрине, бұл мәлімдеме нақты дәлелдерге негізделген. Себебі, соңғы жылдары Азия-Тынық мұхиты аймағында орналасқан көптеген елдерде ауру мен өлім-жітім көрсеткіштері әлі артып келеді.
Оның үстіне ағымдағы жылдың январь айының басында кипрлік ғалымдар «дельта» және «омикрон» штаммдарының сипаттамаларын біріктіретін жаңа «дельтакрон» мутациясын тапты. Алайда, соңғы уақытқа дейін ДДСҰ бұл штаммның бар екеніне күмән келтіріп келген.
Кеше ұйымның төтенше жағдайлар бөлімі техникалық топтың басшысы Мария ван Керхове Женевада өткен кезекті брифингте «дельтакрон» Еуропада пайда болуы туралы ресми түрде хабарлады.
Мәлімдемеде, аталмыш мутацияның бұл түрі Францияда, Нидерландыда және Данияда анықталған. Бірақ қазірше өте аз мөлшерде.
Айта кетейік, пандемия басталғалы бері әлемде шамамен 452 миллион адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Сондай-ақ инфекцияның алдын алу мақсатында жалпы саны 11 миллиард дозаға жуық вакцина қолданылған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.