Іс-шаралар  Еуропа Одағы тарапынан  қаржыландыратын «Өзбекстанның  ДСҰ-ға мүшеге кіру үдерісіне көмектесу » бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оларға  инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Б.Абидов басшылығындағы  Өзбекстанның  ДСҰ-ға мүше болуы бойынша келіссөздер тобының өкілдері  UNCTAD/WTO  Халықаралық сауда орталығының сарапшылары, министрліктер, салалық қауымдастықтар, бизнес қауымдастықтары мен жеке сектор өкілдері қатысты .

Шара барысында шетелдік сарапшылардың тұсаукесерлері өтті.

Олар еліміздің  ДСҰ-ға кіруінің қажеттіліктері  мен  проблемаларын, бұл үдерістегі жеке сектордың рөлін, «Өзбекстанның  ДСҰ-ға кіруіне қолдау көрсету» бағдарламасы аясында өзбек бизнес өкілдеріне техникалық көмек көрсету бағыттарын атап өтті.  Сонымен қатар қатысушылар  ДСҰ шеңберінде қызмет көрсету саудасын реттейтін келісімдермен, қызметтер саудасы бойынша келіссөздердің тәртібімен, сондай-ақ келіссөздер үдерісіндегі жеке сектор мен үкімет арасындағы қарым-қатынастың өзекті жақтарымен танысты.

Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілерді қолдау іс-шаралары мен оларды шетелдік жеткізушілер тарапынан жосықсыз бәсекеден қорғау тетіктері, сондай-ақ Өзбекстанның Ұйымға мүше болуының қызмет көрсету саласына әсері талқыланды.

Сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау, заңсыз саудаға қарсы күрес, төлем балансы және басқа да жағдайларда мемлекет  тарапынан  шектейтін шараларды қолдау мүмкіндіктері де үйренілді, деп хабарлайды  Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.