Дәрігерлер әйелдерге тиімді кеңес беруді үйренуде

    Денсаулық 7 Sentabr 2023 1562

    45 жастан асқан әйелдерді қалай тиімді тексеруден өткізуге және емдеуге болады, сондықтан қандай дәрігерлермен бірлесіп жұмыс істеуі қажет?

    Осы сұрақтарға Республикалық акушерлік және гинекологиялық орталық ұйымдастырған семинарларда осы саұқтарға жауап ізделді.

    Алғашқы осындай оқу 6 сентябрьде астанамыздағы Мирзо-Ұлықбек аудандық емханалардың 30 жуық дәрігер үшін ұйымдастырылған еді. Бір күндік семинардың форматы Ташкент тұрғындарына көрсетілетін қызметі қажет деп саналатын дәрігерлердің жұмыс ритмі бұзылмайтыны ескеріліп, арнайы таңдалды. Бұл ретте, көп санды медицина қызметкерлерін жаңа біліммен қамту жоспарланған.

    Республикалық мамандандырылған акушерлік және гинекологиялық ғылыми-практикалық медицина орталығы (РМАГҒПМО) дәрігерлердің білімін тұрақты арттыратын көптеген жобаларды жүзеге асыруда.

    «Әйел денсаулығы 45+» жобасының барысында дәрігерлер ағзасында осы кезеңде өзгерістерге ұшыраған науқас әйелдердің жаңа сұрақтармен, тіпті проблемалармен жүгінген кезде оларға медициналық кеңес беру туралы заманауи білім алады. Әйелдің денсаулығында менопауза өз коррективасын көрсетеді. Ал мұндай жағдайда науқасқа дұрыс кеңес беріп қана қоймай, сондай-ақ оны дер кезінде қажетті тар бағыттағы мамандарға жібере білу де қажет. Семинар барысында бұл мәселелер де зерделенеді.

    РМАГҒПМО-ның «Әйел денсаулығы 45+» жобасының семинарлары Ташкент қаласының әрбір ауданында ұйымдастырылады. Ал мұндай семинарларға дәрігер – терапевттер, эндокринологтар, кардиологтар тартылады. Олар жүрек-қан тамырларындағы қауіпті, менопауза синдромының өзіндік ерекшеліктерін және оларға байланысты проблемаларды шешуге, жүгінген әйелдерге кеңес берудің заманауи тәсілдерін зерттейді.

    Республикалық мамандандырылған акушерлік және гинекология ғылыми-практикалық медицина орталығы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates