2024 жылға арналған Мемлекеттік бюджетті бөлуде қандай өзгерістер бар?

    Қаржы 22 Dekabr 2023 1844

    2023 жылғы 21 декабрь күні Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитеті тарапынан Аумақтық өкілдік органдардың қызметін зерделеу орталығымен бірлесіп халық депутаттары жергілікті Кеңестердің жергілікті бюджет, экономикалық реформаларды жүзеге асыру, инвестициялық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелрі бойынша тұрақты комиссиялары үшін «2024 жылға арналған Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті туралы» Заңның мән-мазмұнын түсіндіру туралы семинар өтті.

    Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің параметрлері, бюджет тапшылығының көлемдері әлемдік экономикадағы белгісіздіктер мен геосаяси жағдайын еліміз экономикасына әсерін азайту және әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрғындарды мемлекет тарапынан қолдап-қуаттауды одан әрі күшейту сияқты факторларды ескере отырып есеп-қисап жасалады.

    Өзбекстан Республикасының консолидацияланған бюджеттің 2024 жылғы табыстары 375,0 триллион сум, қаражаттары 427,6 триллион сум, тапшылық 52,6 триллион сумды немесе ЖІӨ-нің 4,0 пайызы мөлшерінде белгіленді.

    Бұдан мемлекеттік бюджет табыстары 270,7 триллион сум немесе жалпы ішкі өніммен салыстырғанда 20,8 пайызын құрайды деп болжануда.

    Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік мақсатты қорлары бюджеттері тапшылығы 2024 жылы 3,1 пайыз көлемінде белгіленуде, 2025-2026 жылдары тапшылық тиісінше 1,8-2,2 пайызға дейін төмендейді деп болжануда.

    2024 жылға арналған Мемлекеттік бюджет қаражаттары 312 триллион 921 миллиард сум көлемінде жоспарланған.

    Айта кетерлігі, келесі жылдың бюджетінде әлеуметтік саланың қаражаттары айтарлықтай үлесті құрайды. Қаражаттардың 48 пайыздан астамы немесе 151,5 триллион сумы әлеуметтік салаға бағытталады деп күтілуде.

    Семинарда 2024 жыл үшін салық-кеден саясатының негізгі бағыттарына тоқталды.

    Атап айтқанда, 2024 жыл үшін салық саясатының негізгі бағыттары – қосылған құн салығы, пайда салығы, айналымнан алынатын салық бойынша кейбір жеңілдіктер жойылып, тиісті суммада белгіленген салық ставкаларының күтілетін инфляция деңгейін ескере отырып, индексациялануы белгіленуде.

    2024 жылдың 1 апрелінен бастап зиянды газдары жоғары болған жанармайға акциз салық ставкасы 12 пайызға дейін индекстеледі (октан мөлшері 91 және одан жоғары болған жанармайды қоспағанда).

    Ауыр жүк машиналары республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдардан пайдалануда оларды жарамсыз жағдайға келтіру кезінде жеткізілген зиянын өтеу мақсатында жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын жүк көліктері мен тіркемелердің автомобиль жолдары бойлап қозғалту құқығы үшін төлемақы енгізіледі.

    Кәсіпкерлікпен айналысуды жеңілдету мақсатында салық есептерін сақтау және салық міндеттемесін талап етудің бес жылдық мерзімдері үш жылға дейін қысқартылады.

    Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға және балық өсіруге пайдаланатын судың мөлшерін, сонымен қатар диқан шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына арналған жерлерге ие болған жеке тұлғаларға салық ставкасы 100 сум етіп белгіленді.

    Шара соңында халық депутатлары жергілікті Кеңестердің жергілікті бюджет,экономикалық реформаларды жүзеге асыруы, инвестиция мен кәсіпкерплікті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияларға тиісті ұсыныстар берілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates