Жарлықпен халықты әлеуметтік қорғаудың басты бағыттары айқындалды.

Соған орай, әлеуметтік қызметтерді тұрғындарға тікелей махалла деңгейінде көрсету практикасы енгізіледі.

Жарлыққа сәйкес, төмендегілер бекітілді:

-Өзбекстан Республикасы халқын әлеуметтік қорғау стратегиясы және оның мақсатты көрсеткіштері;

-Осы стратегияны 2022-2023 жылдарда іске асыру бойынша «Жол картасы».

Қаржы министрлігінің құрамында Әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.

2022 жылдың 1 сентябрінен Әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша ең төменгі тұтыну қаражаттарынан келіп шығып, жүктілік және туу төлемақылары төленеді.

Бұл ретте, қызметкердің еңбек өтілінде 1 айға дейінгі үзілістер болған жағдайда, алдыңғы және кейінгі айлар бірін-кетін еңбек өтілін есептеуде қолданылады.

2023 жылдың 1 мартына дейін мемлекет тарапынан кепілденген және тегін ұсынылатын ең төменгі әлеуметтік қызметтердің тізбегі қалыптастырылады.

2023 жылдың 1 июліне  дейін кепілденген және тегін көрсетілетін ең төменгі әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттары бекітіледі.