Кембағал отбасылары реестріне енгізілген кейбір отбасыларға субсидиялар бөлінеді

    2025 жылдың 1 майынан бастап «Әлеуметтік дәптерлер» қорлары есебінен емдеу және хирургиялық шығындарды Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылады.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржыландыруда тәртiп-қағидаларды жетiлдiру туралы» Жарлығына сәйкес, 2025 жылғы 1 апрелінен бастап «Жастар дәптері» қорлары арқылы, ал 2025 жылы 1 сентябрінен бастап «Әйелдер дәптері» қорлары арқылы төленетін бір реттік материалдық көмектің орнына аз қамтылған отбасыларға жәрдемақы тағайындалады.

    2025 жылдың 1 майынан «Әлеуметтік дәптерлер» қорлары есебінен емделу және хирургиялық шығындарды Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылады.

    2025 жылдың 1апрелінен бастап Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысындағы аз қамтылған отбасыларға біржолғы материалдық көмектің орнына осы аудандарда тұратын аз қамтылған отбасылар реестріне енгізілген отбасыларға артезиан құдық қазу, су сорғыларын орнату, ауыз су фильтрлерін сатып алу қаржыларын өтеу үшін субсидиялау тәртібі енгізіледі.

    Бұл жағдайда субсидия шығындардың 90% құрайды, бірақ БХМ 30 еседен аспайды.

    2025 жылдың 1 майынан бастап бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға БЕМ-нің 6 есе көлеміндегі бір реттік жәрдемақы «Инсон» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы төленеді.

    Аудандық (қалалық) әкімдіктер жанынан «Инфрақұрылым және әлеуметтік тұрақтылық» қорлары құрылады.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates