Кардиохирургиялық операциялардың саны 8,3 есеге өсті

    Денсаулық 31 Oktabr 2022 1750

    Сараптамаға орай, әлемде өлім-жітімнің 60%-ға жуығы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына байланысты болуда. Сонымен қатар, бұл түрдегі аурулар бүгінде мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

    Сондықтан елімізде осы бағытта ең озат инновациялық технологияларды, нақтама қою мен емдеу әдістерін енгізуге үлкен көңіл бөлінуде.

    Атап айтқанда, соңғы екі жылда бұл салада:

    - коронаргиография практикасы — 3,8 есе,

    - стенділеу операциялары — 4,3 есе,

    - кардиохирургиялық емдердің саны 613-тен 5106-ға дейін өсті.

    Жүргізіліп жатқан профилактикалық және емдеу шараларына байланысты:

    - жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім көрсеткіші өткен жылы 61,7 пайыздан 56,2 пайызға төмендеді.

    Кардиохирургия саласында аумақтардағы жоғары технологиялық хирургиялық операциялардың түрі кезең-кезеңімен 15-тен 35-ке дейін ұлғайтылды.

    - Мысалы, Хорезм, Қашқадария, Самарқант, Жызақ облыстарында 40-тан астам жоғары технологиялық кардиохирургиялық отаның түрлерін жасау жолға қойылды.

    - Нәтижеде бұл аумақтардан орталыққа науқастардың өтініштері 40 пайызға төмендеген.

    - Екі аумақта алғаш рет:

    - транскатетер арқылы арорт қақпағын орнату,

    - онкологиялық ауруларда артерияның химиялық эмболизациясы;

    - аорта аневризмасына стент- графт орнату оталары жасалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates