Сондықтан елімізде осы бағытта ең озат инновациялық технологияларды, нақтама қою мен емдеу әдістерін енгізуге үлкен көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда, соңғы екі жылда бұл салада:

- коронаргиография практикасы — 3,8 есе,

- стенділеу операциялары — 4,3 есе,

- кардиохирургиялық емдердің саны 613-тен 5106-ға дейін өсті.

 Жүргізіліп жатқан профилактикалық және емдеу шараларына байланысты:

- жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім көрсеткіші өткен жылы 61,7 пайыздан 56,2 пайызға төмендеді.

Кардиохирургия саласында аумақтардағы жоғары технологиялық хирургиялық операциялардың түрі кезең-кезеңімен 15-тен 35-ке дейін ұлғайтылды.

- Мысалы, Хорезм, Қашқадария, Самарқант, Жызақ облыстарында 40-тан астам жоғары технологиялық кардиохирургиялық отаның түрлерін жасау жолға қойылды.

- Нәтижеде бұл аумақтардан орталыққа науқастардың  өтініштері  40 пайызға төмендеген.

- Екі аумақта алғаш рет:

- транскатетер арқылы арорт қақпағын орнату,

- онкологиялық ауруларда артерияның химиялық эмболизациясы;

- аорта аневризмасына стент- графт орнату оталары жасалды, деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.