Киберқылмыс жасаған банктердің тізімі көпшілікке жарияланады

    Бұл тәртіп туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық технологиялары көмегі арқылы жасалған қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі қызметті одан әрі күшейтуге бағытталған іс-шаралар туралы» қаулысында айтылды.

    Қаулыда сондай-ақ киберқылмысты жасауда өз атындағы банк картасынан, банктік шотты, электрондық әмиянды және басқа да жеке мәліметтерді (SIM-картасы, электрондық аккаунты) пайдалануға жол берген тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік іс-шаралары белгіленген.

    Киберқылмыстардың алдын алу саласында ақпараттық жүйелердегі осалдықтар мен кемшіліктер нәтижесінде киберқылмыс жасаған банктер мен төлем ұйымдарының тізімін бұқараға ашық жариялау және халықтың қаражатын тартуға бағытталған онлайн-алаяқтық схемаларын («қаржылық пирамидаларды») ерте анықтау тәжірибесі жолға қойылады.