Ереже көше атауы мен жылжымайтын мүлік нысанының нөмірлік көрсеткіштерінің формасы және оларды дайындау және орнату тәртібін белгілейді.

Көрсеткіштің форма үлгілері төмендегі санаттарға бөлінеді:

1-санат – полиетилентерефталат, полиетилинтерефталатгликол, полистирол немесе поликарбонат материалдарынан дайындалған, жарытқыш құралдарынан көрсеткіш; гликоль, полистирол немесе поликарбонаттан жасалған индикатор;

2- санат – композиттік алюминий материалынан жасалған, нұр қайтаратын қаптамамен қапталған көрсеткіш;

3 санат – композициялық алюминий материалынан жасалған көрсеткіш.

Бұл ретте, қағида ретінде, 1-санатты көрсеткіштер қалалық маңызы бар магистральдық көшелерде, 2-санатты көрсеткіштер аудандық маңызы бар магистральдық көшелерде, 3- санатты көрсеткіштер жергілікті маңызы бар көшелерде орнатылады.

Көрсеткіште көше атауын қысқартуға жол берілмейді.